
2023 жылғы 23 қазанда Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенттік орталықта (Астана қ., Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) музейлік жинақтан ұйымдастырылған тақырыптық қор көрмесінің ашылуы өтеді.
Көрменің басты мақсаты – музей құндылықтары арқылы еліміздің басты ұлттық мерекесінің тарихи маңызын көрсету.
Көрме шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда жазылған негізгі қағидаттарды көрнекі түрде көрсететін 50-ден астам мұрағаттық құжат, кітап басылымдары мен музей заттары ұсынылатын болады.
Іс-шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, шет елдердің дипломатиялық миссияларының және Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының депутаттық корпусының өкілдері қатысады.
Көрме 2023 жылдың 23 қарашасына дейін жалғасады.