


Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті және Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері үшін онлайн режимде «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» тақырыбында екікүндік семинар-тренинг өткізді.
«Семинар барысында әділетті қоғамды қалай құру керектігін және еліміздің дамуына қандай үлес қоса алатындығымызды талқыладық. Бәрі өте жоғары деңгейде өтті. Болашақта осындай пайдалы білім беретін іс-шаралар көбірек өткізілгендігін қалаймыз», – деп Павлодар педагогикалық университетінің студенті Қалкен Әлім пікір білдірді.