




Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Астана қаласы мектептерінің оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» кезекті зияткерлік турнирі өтті.
Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы, №65 мектеп-гиназиясы және А. Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары Қазақстан тарихын терең білу, логика, ойлау жылдамдығы және шешендік өнер бойынша сайысқа түсті.
Іріктеу турының қорытындысы бойынша «Cұңқар» командасы ең көп ұпай жинады. №65 мектеп-гимназиясы құрамасының жас зияткерлері жартылай финалда басқа іріктеу ойындары жеңімпаздарымен кездесетін болады.