Басты бетЕЛОРДАДА ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

ЕЛОРДАДА ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

ЕЛОРДАДА ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ ЕЛОРДАДА ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ ЕЛОРДАДА ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ ЕЛОРДАДА ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ ЕЛОРДАДА ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ ЕЛОРДАДА ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ ЕЛОРДАДА ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ ЕЛОРДАДА ӘЗІРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен бірлесіп, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Abay Azarbaycanda va dünyada» атты әзірбайжан тіліндегі жинақтың тұсаукесерін өткізді.

Іс-шараға Қазақстан мен Әзірбайжанның мемлекет және қоғам қайраткерлері, түркітілдес елдердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдарының басшылары, ғалымдар, жазушылар, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Басылымда ұлы ойшылдың туындылары, оның өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалары ұсынылған. Сондай-ақ жинақта Абай ескерткіштері мен мүсіндері туралы ақпарат берілген.

Басылымның таралымы 500 дана. Сонымен қатар, жинақтың электронды нұсқасы да жаппай оқырман үшін қол жетімді.

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова өз сөзінде Абай Құнанбаевтың есімі қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің мәдени мұрасына алтын әріптермен жазылғанын атап өтті.

Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиеваның айтуынша, Қордың кезекті баспа жобасы болып табылатын бұл жинағында Әзірбайжандағы Абай шығармашылығына деген терең сүйіспеншілік пен құрмет көрініс тапты.

Өз кезегінде Халықаралық түркі академиясының президенті Шаһин Меджид оглы Мұстафаев ұлы философ пен ағартушы болған Абай Құнанбаевтың шығармалары осы күнге дейінөзектілігін жоғалтпағанын ерекше атап кетті.Керісінше, оның мұрасы одан да мұқият және терең зерттеуді қажет етеді, өйткені онда түркі халықтарының ғасырлық даналығы жасырылған.

Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Рагим оглы Атамоглановұлы ақынның шығармашылығындағы қазіргі қоғамда өте өзекті болып табылатын гуманизм және адамгершілік идеяларына тоқталды.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қоры арасында Меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттың басты мақсаты – түркі мәдениетінің даму тарихын зерделеу бойынша бірлескен мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруда тығыз ынтымақтастық орнату.