



Астана қаласының С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылары Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өткен музейлік сабаққа қатысты.
Музейдің интеактивтік залында өткен «Қазақ музыкалық өнері» атты сабақта оқушылар қобыз, домбыра, жетіген сияқты ұлттық аспаптардың сазын тыңдап, тарихымен танысты. Дәріскер сондай-ақ атақты қазақ музыканттары мен композиторларының өмірі мен шығармашылығы туралы да баяндап берді.