



Қазақстан Республикасы Президенттік орталықта Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің 20 жылдығына арналған «Діндер диалогынан өркениеттердің тоғысуына» атты тақырыптық көрмесі бойынша экскурсиялар топтамасы өткізілуде.
Көрмеде әртүрлі жылдары өткен Съезд делегаттарының естелік дипломатиялық сыйлықтары ұсынылған. Көрме экспозициясы Қазақстанның түрлі діндер, мәдениеттер мен халықтарды жақындастыру мәселелеріндегі халықаралық аренадағы маңызды рөлін ашып көрсетеді.
Аталмыш тақырыптағы экскурсиялар - бұл Съездердің тарихымен танысу ғана емес, сонымен қатар, музей экспонаттарында бейнеленген терең діни философиялардың жұмбақ әлеміне қызықты саяхат деуге болады.
Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, колледждер мен университеттердің студенттері, сондай-ақ, әлемнің түрлі елдерінен келген туристер көрмемен танысу арқылы адамдар мен өркениеттерді жақындастырудың жалпы мозаикасына өз үлестерін қосты.