Басты бетҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР ЦИКЛІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР ЦИКЛІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР ЦИКЛІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР ЦИКЛІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР ЦИКЛІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

2023-2024 оқу жылының басталуымен Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» семинар-тренингі өткізіле бастады.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің және М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері онлайн режимінде атамыш семинар-тренингке қатысып, білімдерін ұштады.

Олар қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу сатылары, ұлттық экономика мен әлеуметтік саланың даму ерекшеліктері, жаңа саяси бағытымыз – «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын зерделеуге, сондай-ақ адамгершілік, жалпыұлттық құндылықтарды, азаматтық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған дәрістік курсты тыңдады. Практикалық тапсырмалар дәріс барысында алынған ақпаратты бекітіп, командалық жұмыс және жобалық  қызмет дағдыларын дамытуға ықпал етті.

«Вебинар өте қызықты және нәтижелі өтті, қатысушылар өз ойларымен белсенді бөлісті. Адам құқықтарына, әлеуметтік әділеттілікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты мәселелер қаралды. Семинар-тренинг идеялармен алмасу және Қазақстанда неғұрлым әділ қоғам құру жолдарын іздестіру алаңына айналды деп айтуға болады. Бұл маған алға қойған мақсаттарыма жету үшін қажет болатын жақсы тәжірибе», – деп пікірімен бөлісті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Мирас Сейданов.