Басты бетМУЗЕЙ БАЛАЛАР ҚОНАҒЫНДА

МУЗЕЙ БАЛАЛАР ҚОНАҒЫНДА

МУЗЕЙ БАЛАЛАР ҚОНАҒЫНДА МУЗЕЙ БАЛАЛАР ҚОНАҒЫНДА МУЗЕЙ БАЛАЛАР ҚОНАҒЫНДА

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Астана қаласындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік бейімделуіне және білім беру интеграциясына бағытталған №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасында болды.

«Батыр» даярлық тобының тәрбиеленушілеріне көшпелі музей сабағы өткізілді. Жұмбақтарды шешу және ойын тапсырмаларын орындау арқылы балалар «М» әрпімен танысуларын бекітіп, «музей» ұғымымен танысты. Президенттік орталық музейінің қорларынан алынған кейбір экспонаттарды көріп, оларды қолмен ұстап көруге мүмкіндік алды.

Балалар сабақта белсенділік көрсетіп, Орталықтың музей экспонаттарына үлкен қызығушылық танытты.