
Осы жылдың 10 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы ұйымдастырған «Жеңіс жаңғырығы» музыкалық-поэтикалық челленджі аяқталды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған музыкалық-поэтикалық челлендж ҰОС батырлары мен олардың ерлігін ұлықтауға, жастар мен өскелең ұрпақты тарту арқылы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, шығармашылық әлеуетті ашып, өз-өзін танытуға ықпал ету, сондай-ақ қатысушыларды жеңіс рухын сезіндіретін заманауи музыка мен поэзия шығаруға шабыттандыруға арналған.
Челленджді еліміздің әр өңірінен 159 қатысушықолдады, олардың қатарында: мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушылары, шығармашылық студияның тәрбиеленушілері, колледж және ЖОО студенттері, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметшілер, музыканттар мен ақындар, әр түрлі жастағы әрі сан алуан саладағы адамдар бар.
Сондай-ақ «Жеңіс жаңғырығы» музыкалық-поэтикалық челленджін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының ұжымдары: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы, Парламентаризм институты және Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы қолдады.
Барлық қатысушыларға электронды сертификаттар, ал қатысушыларды дайындауға атсалысқан мұғалімдерге Алғыс хаттар беріледі.
«Жеңіс жаңғырығы» музыкалық-поэтикалық челленджінің қорытындысы бойынша келесідей номинациялар берілді:
• «Бастау байрағы»/«Знамя старта» (Қарағанды индустриялық университетінің студенттері);
• «Ең жас қатысушы»/«Самый юный участник» (Әлия Қайырбаева, 5 жас);
• «Отбасылық үлес»/«Семейный вклад» (Гавриленко Даниэла, Элина, Карелина және Татьяна; Ақбаян және Мұхамеджан Бағатовтар);
• «Жас дауыстағы жарқын жад»/«Светлая память в юном голосе» (Александр Авдеев, Байқоңыр қаласындағы №272 ОМ 2 «Б» сынып оқушылары; Семей қаласындағы «Қоңырау» музыкалық-драма театры);
• «Жеңіс жыры»/«Поэтический голос Победы» (Ләззат Момбаева, Айнагүл Сәбитова, Агата Новоченко);
• «Жеңіс сазы»/«Музыкальный образ Победы» (Айдана Өтегенова);
• «Бірлік күші»/«Сила единства жанров» (Astana IT University колледжінің 2402 тобы);
• «Ән-жүрек»/«Поющие сердцем» (Түрксіб ауданының №211 мектеп-гимназиясының 5 «А» сынып оқушылары);
• «Сөз құдірет»/«Живое слово» (Вероника Казарина, Кәусар Қалыбек);
• «Ер есімі – ел есінде»/«Хранитель героической памяти» (Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Әзірет Сұлтан»ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейі, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе қаласындағы мемориалдық музейі).