Басты бет«Әділетті қоғам құру жолында»

«Әділетті қоғам құру жолында»

«Әділетті қоғам құру жолында»

Дулат Амантайұлы Жүкенов, 

Қазақстан Республикасы Президенттікорталығы

директоры​​​​ның орынбасары                  

 

«Әділетті қоғам құру жолында»

 

2024 жылғы 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарыныңбірлескен отырысында жыл сайынғы Қазақстанхалқына Жолдауын жариялады. Жолдау ел дамуының негізгі бағыттарына және өзектіэкономикалық және әлеуметтік мәселелердішешуге бағытталды.

Экономикалық реформалар және тұрақтыдаму. Президент экономиканы әртараптандыруүшін тек шикізатқа тәуелді болмай, өңдеуөнеркәсібін дамытудың жаңа бағытын белгіледі.Мұның маңызды элементі жаңа инвестициялықциклды бастау және инфляциямен күрестіжалғастыру болады, ол өткен жылдың ең жоғарыдеңгейімен салыстырғанда 2,5 есе төмендеді. Әріқарай экономикалық өсу үшін жекеинвестицияларды тарту және жаңа жұмысорындарын құру, сондай-ақ бизнес үшін салықжүйесін жеңілдету қажет.

Банк жүйесі және қаржы. Қ.Қ. Тоқаев ақша-несие саясаты мен фискалды саясат арасындағыүйлесімсіздікті жою қажеттігін атап өтті. Ол нақтысекторды несиелеу шағын және орта бизнеске әсерететін жеткіліксіз деңгейде қалып отырғанын атапөтті. Іскерлік белсенділікті ынталандыру үшінүкімет пен Ұлттық банк жаңа тәсілдерді әзірлеуітиіс. Басымдықтардың бірі банк секторынреформалау болады. Президент 30 жылдан беріқолданыста келе жатқан банктер туралы заңныңзаманауи талаптарға сай келмейтінін және оны жаңарту қажет екенін атап өтті. Сонымен қатарбанктерге әділ салық салудың және олардыэкономиканың нақты секторына белсендіинвестициялауға ынталандырудың маңыздылығыатап өтілді.

Цифрландыру және жасанды интеллект.Мемлекет басшысы Қазақстанда жасандыинтеллект пен цифрлық технологиялардыдамытудың сондай-ақ цифрлық активтер мен майнингті реттеу жөніндегі жұмыстыжалғастырудың маңыздылығын атап өтті. 2025 жылы Ұлттық жасанды интеллект орталығы іскеқосылады. Мұнда цифрландыру, адам құқықтарымен дербес деректер қауіпсіздігінің кепілдігіарасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігін атапөткен жөн. Осыған байланысты Мемлекетбасшысының мектептер мен жоғары оқуорындарында Қазақстандықтардың түрлі алаяқтықсхемаларға иммунитетін күшейтуге бағытталғанқаржылық сауаттылық және цифрлық негіздерібойынша білім беру бағдарламаларын енгізутапсырмасын ерекше атап өткім келеді.

Әлеуметтік мәселелер және білім беру. Ішкісаясат саласында Президент әлеуметтіктеңсіздікпен күресу қажеттігіне, әділдік пен заңдылық қағидаттарын ілгерілетудіңмаңыздылығына назар аударды. Жолдаудабалалардың құқықтарын қорғауға ерекше көңілбөлінді. Мемлекет басшысы балалардыңқауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Ұлттық қордантөлемдер енгізуге, сондай-ақ кәмелеткетолмағандарға қарсы қылмыстар үшін жазанықатаңдатуға бағытталған жаңа заңдардыңмаңыздылығын атап өтті. Қазақстан азаматтарыныңәл-ауқаты басымдық болып табылатын әлеуметтікмемлекет саясатын жалғасын табатындығы атапөтілді. Президент адами капиталды дамытуға да назар аударды. Болашақ мамандарды даярлауға, әсіресе техникалық және жұмысшы мамандықтарсаласында көңіл бөлінді. Сондай-ақ, ол шетелдікжоғары оқу орындарын тартудың және отандықбілім беру процесін жаңғыртудың маңыздылығынатап өтті. Сонымен қатар 2025 жыл құрылыс, энергетика және су ресурстары сияқты маңыздысалалардағы мамандардың жетіспеушілігін азайтуүшін жұмысшы мамандықтар жылы болыпжарияланды.

Саяси реформалар және мемлекеттікбасқарудың тиімділігі. Демократиялықинституттар мен азаматтардың құқықтықмәдениетін нығайтуға ықпал ететін жалғасыпжатқан саяси реформалар маңызды рөл атқарады. Президент соңғы бес жылда саяси жүйеде ауқымдыөзгерістер болғанын, бұл жаңа қоғамдыққұндылықтар мен мінез-құлық үлгілерініңқалыптасуына ықпал еткенін атап өтті.Мемлекеттік басқару реформалары жәнемемлекеттік органдар жұмысының тиімділігінарттыру, сондай-ақ аудандар мен қалаларәкімдерінің сайлануы «Халық үніне құлақ асатынмемлекет» тұжырымдамасын құрайды.

Президент Жолдауы тұрақты даму мен әлеуметтік теңдікке баса назар аудара отырып, Қазақстанның технологиялық және экономикалықжаңғыруына бағыт береді. Бұл экономиканың оданәрі өсуі мен орнығуына, әлеуметтік тұрақтылықтынығайтуға және заманауи технологияларды енгізугебағытталған жаңа реформалардың бастауынбілдіреді. Мемлекет басшысының Үкімет, Парламент және мемлекеттік органдар алдындағыЖолдауында қойылған осы міндеттердің барлығыніске асыру барлық мемлекеттік және қоғамдықинституттардың күш-жігерін біріктіруді талапетеді.