Биыл Наурыз мейрамы мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Қос мереке де жаңару мен рухани тазарудың символы болып табылады. Бұл, әсіресе, жуырда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум барысында халқымыз жасаған тарихи таңдауымен астаса түсіп, ерекше мәнге ие болып отыр.
Осы игі бастама еліміздің әрі қарай дамуы мен өркендеуінің, әрқайсымыздың жарқын болашағымыздың берік негізіне айналсын!
Сіздерге бейбітшілік, келісім, жақсылық, амандық және ертеңгі күнге сенім тілеймін!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат